Ресей-Украина шиелінісі: Қазақстанда жедел штаб құрылды

1359

Халықаралық көлік тасымалы саласында туындап жатқан мәселелерге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей-Украина шиелінісі: Қазақстанда жедел штаб құрылды

"Еуропа Одағы мен Ресей Федерациясы арасында жағдайдың шиеленісуіне және халықаралық көлік тасымалы саласындағы проблемаларға байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жедел штаб құрылды. Оны министр Қайырбек Өскенбаев басқарады", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

Жедел штаб кәсіпкерлік субъектілеріне және автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігімен жүк тасымалдаушыдарға көмек және ақпараттық қолдау көрсетеді.

Осыған байланысты ИИДМ Ахуалдық орталығы базасында жедел желі ашылды. Барлық сұрақ бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады:
+7 708 088 0800 немесе +7 (7172) 98-35-35.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу