Ресей мен Украина шиелінісі: Мәскеу Қазақстан мен Түркияның ұсынысынан бас тартты

21370

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан мен Түркияның Киевпен келіссөзде араағайын болу ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей мен Украина шиелінісі: Мәскеу Қазақстан мен Түркияның ұсынысынан бас тартты

"Ресей мен Украина делегациясы арасында тікелей келіссөз жүріп жатыр", – деді Дмитрий Песков журналистердің сұрағына.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина шиелінісіне қатысты пікір білдірген еді.

"Біз екі мемлекетті келіссөздер үстелінде ортақ тіл табысуға, уағдаластыққа, келісімдерге қол жеткізуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. "Худой мир лучше доброй ссоры" деген сөз бар. Бейбіт өмірсіз әлемде даму болмайды. Қазақстан өз тарапынан арағайын болып, барынша көмек көрсетуге дайын. Әрине, көмек қажет болса", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу