Ресей мен Украина өкілдерінің келіссөздері үш рет Беларусь жерінде өткенімен қандай да үмітке жетелейтін ешбір қадамның нышаны білінген жоқ.
Келіссөздердің төртінші кездесуі Түркияда өтіп, сең қозғалды. Кездесудің алдында Түркия Президенті Тайып Ердоған екі жақтың делегацияларымен кездесіп, сәттілік тіледі. Түпкілікті келісімге қол жеткізуге әлі ертерек, бірақ сөзге тоқтаудың алғашқы қадамы жасалды деуге де болады.
Түркия соғыс басталысымен-ақ Украинаға көмек бере бастаған. Қару-жарағы мен Байрактарын және гуманитарлық көмегін айтпағанда Түркия Ресейдің әскери кемелерін Украина тарапқа Қара теңіз арқылы өткізбей қойды. Ал келіссөздерді Түркияда өткізу ұсынысының нәтижесі жаман емес.