Ресей Украина тарапынан болған санкциялардың көптігіне шағымданды

749

Ресей Украина тарапынан болған санкциялардың көптігіне шағымданды

Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкиннің сөзінше, Украина Дүниежүзілік сауда ұйымының міндеттерін бұзып, халықаралық сауда ережелерін жоққа шығарып отыр. Осы себепті де Ресей Украина тарапынан өздеріне салынып жатқан санкциялардың тым көптігінен ДСҰ-ға шағым түсірген. Бұл туралы qazaqtimes.com хабарлайды.

"Дүниежүзілік сауда ұйымының Ресейдегі өкілдері Украина тарапынан үнемі болатын санкцияларға байланысты консультация өткізуге өтініш жіберді. Олар 2014 жылдан бері ресейлік тауарларға және Украина нарығында қызмет көрсетіп отырған ресейлік тұлғаларға  тыйым салады немесе талаптарды қатаңдатып келеді", - деді Орешкин Азия-тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы елдерінің сауда министрлерінің кездесуі кезінде. 

Орешкиннің сөзінше, бұл санкциялардың бәрі Украина экономикасын жақсартудың орнына, керісінше, қосымша мәселелер туындатуы мүмкін.

"Егер Украина мұндай санкцияларды көбейте беретін болса, біз ДСҰ талаптарын бұзып отыр деп қабылдаймыз", - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейдің тәттілеріне 5 жылға дейін баж салығын енгізген болатын. Украина билігінің мәліметінше, олар какаодан жасалған тәттілердің бағасын ішкі нарыққа қарағанда арзан белгілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу