Ресейдің Украинада жеңіске жетуі НАТО үшін үлкен қауіп – Столтенберг

387

НАТО-ның Бас хатшысы одақтастарды Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды.  

Ресейдің Украинада жеңіске жетуі НАТО үшін үлкен қауіп – Столтенберг Фото: Bernd Elmenthaler / imago-images.de / Global Look Press

Ресейдің Украинада жеңіске жетуі Солтүстік Атлантикалық Альянсты әлсіретеді.НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Егер Путин Украинада жеңіске жетсе, бұл украиндар үшін қайғылы жағдай. Бізге қауіп төнеді. Яғни Путиннің жоспары орындалса, ол басқа авторитарлық көшбасшыларға "халықаралық құқықты бұзып, әскери күш қолданып басқа елге басып кіру арқылы қалағаныңды алуға болады" деген белгі бермек", – деді Столтенберг.

НАТО-ның Бас хатшысы одақтастарды Украинаға әскери қолдауды жалғастыруға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу