Ресей Украинадағы арнайы операцияның бұл кезеңінде тек қарапайым қару қолданады – Сергей Лавров

794

Министр бұл арнайы операция Донецк және Луганск халық республикаларын "толықтай босатуға" бағытталып отыр деп мәлімдеді.

Ресей Украинадағы арнайы операцияның бұл кезеңінде тек қарапайым қару қолданады – Сергей Лавров Фото: ria.ru

Украинада ресейлік "арнайы операцияның" жаңа кезеңі басталуда. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров India Today телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл операция жалғасады, қазір арнайы операцияның жаңа кезеңі басталуда. Меніңше, бұл кезең оның маңызды бөлігі болады", – деді ведомство басшысы.

Лавров бұл "арнайы операция" Донецк және Луганск халық республикаларын "толықтай босатуға" бағытталып отыр деп мәлімдеді.

Бұған дейін Лавров Ресей "операцияның" қазіргі кезеңінде тек қарапайым қаруды қолдануды қарастырып жатқанын айтты.

Еске сала кетсек, 24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донбасста "арнайы әскери операцияның" басталғанын жариялады. 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды.

Путиннің бұл әрекетін БҰҰ-ға мүше елдердің түгелге жуығы айыптады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу