Ресей Украинадан Қазақстанға тауар транзитіне салынған тыйым мерзімін ұзартты

906

Ресей Украинадан Қазақстанға тауар транзитіне салынған тыйым мерзімін ұзартты

Ресей Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға тасымалданатын кейбір тауардың транзитіне қойылған шектеу мерзімін ұзартты, деп хабарлайды LS.
Тыйым салу туралы жарлық федерацияның экономикалық қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар шара шеңберінде 2018 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды.
Айта кетсек, бұған дейін аталмыш тыйым 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген еді.
Тыйым Ресейде импорттық кедендік баж ставкалары қолданылатын, сондай-ақ санкциялар тізіміне енгізілген тауарларды Украинадан автомобильдер мен теміржол арқылы тасымалдау транзитіне қатысты болатын. 
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап федерация президентінің жарлығына сәйкес Украинаның Қазақстан мен Қырғызстанға Ресей аумағы арқылы өтетін осындай тауарларына қатысты тыйымы кеңейтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу