Ресей Украинадан Минск келісімдерін орындауды талап етеді

1673

Василий Небензя украиналық әріптесі Сергей Кислицаны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысуға шақырды.

Ресей Украинадан Минск келісімдерін орындауды талап етеді Фото: rbc.ru

Ресей 17 ақпанда өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Украинадан Минск келісімдерін орындауды талап етпек, деп хабарлайды inbusiness.kz РФ-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянскийдің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

17 ақпанда Минск келісімдерінің 7 жылдығына орай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді. Ақпан айында Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық ететін Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензя украиналық әріптесі Сергей Кислицаны шараға қатысуға шақырды. Ол кездесу барысында Минск келісімдерін орындалмауына қатысты мәселелер талқыланатынын жариялады. 

"Украинаның Минск келісімдерін орындаудан басқа амалы жоқ. Бұл құжатты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған болатын. 17 ақпандағы отырыста біз осыны талап етеміз", – деді Полянский.

Минск келісімдерін орындау жөніндегі шаралар кешені немесе екінші Минск келісімі – Украинаның шығысындағы қарулы қақтығысты реттеуге бағытталған құжат. 2015 жылғы 11-12 ақпанда Минск қаласында өткен саммитте Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары "Норман төрттігі" форматында бұл құжатқа қол қойған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу