Бүгін таң атпай Ресей Президенті Владимир Путин арнайы және шұғыл үндеу жариялап, Донбасста әскери операцияларды бастағанын хабарлады.
Өз сөзінде Владимир Путин НАТО блогының шекараға және Украина аумағына келуіне Ресей бұдан артық шыдай алмайтынын, АҚШ пен Батыс елдерімен отыз жылдан бері түсіністіктің орнамағанын алға тартты.
Путиннің сөзінше, АҚШ пен Батыс елдерінің саясаты, әлемге тәртіп орнатамыз деген уәжі өтірік пен бопсалаудан және аймақтарды іштей ірітіп, экстремизм мен терроризмнің ошақтарын құрудан тұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу