Ресей Украинаға қарсы салынған санкциялар қатарын көбейтпек

868

Украиналық тауарлар ресейлік нарықтың 10-15%-ын қамтамасыз етіп отыр, әрі үлкен сұранысқа ие.

Ресей Украинаға қарсы салынған санкциялар қатарын көбейтпек

Ресей Украинаға қарсы енгізілген шектеулер қатарын көбейтуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, теміржолға арналған өнімдерді Украинадан тасымалдауға тыйым салынбақ. Бұл туралы "Коммерсантъ" басылымы хабарлады.

2018 жылы тыйым салынған украиналық тауарлардың тізіміне осы жолы тұтас таптамалы дөңгелектер, дөңгелек жұбы, вагон құймасы мен бірқатар өнім қосылады. 

Бірақ бұл бастама елдегі теміржол көлігінің операторлары мүшелік ететін одақтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Оның дерегі бойынша, украиналық тауарлар ресейлік нарықтың 10-15%-ын қамтамасыз етіп отыр, әрі үлкен сұранысқа ие. 2018 жылдан бері ресейлік өндірушілердің ішкі нарықты монополияландыруынан кейін тұтас таптамалы дөңгелектердің бағасы шарықтап кеткен. Осы орайда одақ елдегі бағалар төмендегеннен кейін ғана Украинаға шектеу енгізуді ұсынып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: lenta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу