Ресей Украинаға қарсы ядролық емес ең мықты қаруын қолдануда – Подоляк

549

Украинаның Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметі бойынша, Волынский және Полесский бағыттарында Беларусь Республикасының Қарулы Күштері қарқынды түрде барлау жұмыстарын жүргізуде.

Ресей Украинаға қарсы ядролық емес ең мықты қаруын қолдануда – Подоляк

Ресей Федерациясы Украинаға қарсы ядролық емес ең мықты қаруын қолдануда. Украина президентінің кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де осындай мәлімдеме жасады. Ол өз парақшасына ресейлік "Солнцепек" деп аталатын отшашар жүйесінің шабуыл жасап жатқан сәті түсірілген видеоны жүктеді,деп хабарлайды inbusiness.kz УНИАН агентігіне сілтеме жасап. 

"Видеоға ресейлік "Солнцепек" отшашар жүйесінің шабуылы түсірілген. Біздің кейбір серіктестеріміз шиеленіс өрши түседі деп қорқып, бізге керек қаруды беруден тартынуда. Жағдай шиеленісіп кеткен емес пе?! Ресей Федерациясы украиналықтарға қарсы ядролық емес ең мықты қаруын қолданып, адамдарды тірідей өртеуде. Украинаға реактивті дүркіндетіп ату жүйесін беретін уақыт келген сияқты ғой?", – деді Подоляк.

Бұған дейін Украина Қорғаныс министрлігінің спикері Александр Мотузяник "Беларусь әскерінің 7 шақты батальоны Брест және Гомель облыстарында Украинамен арадағы шекараны нығайтумен айналысып жатыр" деп айтқан болатын.

Украинаның Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметі бойынша, Волынский және Полесский бағыттарында Беларусь Республикасының Қарулы Күштері қарқынды түрде барлау жұмыстарын жүргізуде, Гомель облысының шекаралас аудандарында қосымша бөлімшелер ашылуда. Беларусь Республикасының аумағынан зымыран-авиациялық соққы жасалады деген қауіп сақталып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу