Ресей Украинаның әскери кемелерін қайтарды

774

Мәселеге халықаралық қауымдастық араласқан соң ғана қамаудағы теңізшілер бостандыққа шықты.

Ресей Украинаның әскери кемелерін қайтарды

Ресей Керч бұғазында басып алған Украинаның әскери кемелерін қайтарды, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Естеріңізде болса, былтыр ресейліктер шекараны заңсыз кесіп өтті деп украиналық әскерилерді қамауға алған еді. Кейін олар елдеріне қайтарылды.

Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Елена Зеркальдың айтуынша, Киев Ресейге кемені алдыру үшін кемі 7 рет хат жазған. Мәселеге халықаралық қауымдастық араласқан соң ғана қамаудағы теңізшілер бостандыққа шықты. Оның үстінде Нормант форматы бойынша өтетін кездесудің де уақыты жақындап қалды. Ол 9 желтоқсан күні Парижде болады. Ресей, Украина, Германия және Франция жетекшілері бас қосып, Минсктегі келісімдердің орындалуын талқыламақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу