Ресей Украинаның Измаил портына шабуыл жасады

448

Дрондық шабуыл астық қоймасы мен азаматтық ғимараттарға үлкен зиян келтірді.

Ресей Украинаның Измаил портына шабуыл жасады Фото: BBC

Ресейлік дрондардың Украинаның ірі портына – астық экспорты үшін тасымалдау пунктіне шабуылының нәтижесінде қоймалар бүлініп, бірнеше ғимарат өртеніп кетті. Бұл туралы дүйсенбіде Украина билігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Шабуыл Ресей президенті Владимир Путин мен оның түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоған Сочиде келіссөздер бастағанға дейін бірнеше сағат бұрын жасалған.

Одесса облысының әкімшілік басшысы Олег Кипер одессалық порт Измаилға 3,5 сағаттық дрондық шабуылдың нәтижесінде қоймалар мен өндірістік ғимараттар зардап шекті деп мәлімдеді. Азаматтық ғимараттарға құлаған дрондардың қалдықтары өрттің өршуіне себепші болды. 

17-ге жуық дрон атып түсірілді, бірақ кейбір дрондар Измаил аймағындағы нысандарға ақыры тиді, деп хабарлады Олег Кипер өзінің Telegram-арнасында. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгінгі шабуыл жексенбіде Ресей әскери күштерінің тағы бір ірі Дунайдағы портын — Рениге жасалған соққылардан кейін болды. Оның нәтижесінде порт инфрақұрылымы зақымданып, кем дегенде екі адам жарақат алды.

Путин мен Ердоған дүйсенбіде Сочиде кездесуі керек. Анкара мен Біріккен Ұлттар Ұйымы жаһандық азық-түлік дағдарысын жеңілдетуге көмектескен Украинадан астық экспорты туралы келісімді қайта бастауға ұмтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу