Ресей Украинаның бірнеше аймағына соққы жасады

749

Черкасс, Хмельницкая, Киев, Ровенск пен Винница облыстарында жарылыстар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC сілтемесімен. 

Ресей Украинаның бірнеше аймағына соққы жасады Фото: BBC.com

Сенбіге қараған түні және таңертең Ресей армиясы Украинаның бірнеше аймағына жаңа соққылар жасады. Оның ішінде Черкасс, Киев, Хмельницкий, Ровенск пен Винница облыстарында жарылыстар болып жатыр.

Черкасс облысының әкімшілік басшысы Игорь Табурецтің айтуынша, түнде аймақты атқылау басталған. Шенеунік нақты қай жерге оқ жаудырылғанын айтпады, бірақ Би-би-си мәліметтері бойынша атыс Смела қаласының маңында болған. Елді мекенде үлкен өрт көрінді.

Таңертең бүкіл Украинада әуе дабылы жарияланды. Хмельницкая мен Киев облыстарының басшылары әуе шабуылына қарсы қорғаныс жұмыстары туралы хабарлады. Хмельницкий қаласында жарық өшіп қалған. Ровенск облысында жарылыстар естіледі, сонымен қатар электрмен жабдықтау проблемалары туындады. Журналистер Винница аймағындағы соққыдан кейін өрттің суреттерін жариялады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу