Ресей Үлкен Еуразиялық әріптестік құруды ұсынды

196

Оған ШЫҰ елдерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттер мен көпжақты бірлестіктер қатысады деп күтіледі. 

Ресей Үлкен Еуразиялық әріптестік құруды ұсынды Фото: kremlin.ru

"Шанхай ондығы" Ресей Федерациясының Үлкен Еуразиялық әріптестік құру туралы ұсынысын ерекше атап өтті, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Мүше елдер Ресей Федерациясының ШЫҰ елдерінің, Еуразиялық экономикалық одақтың, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттер мен көпжақты бірлестіктердің қатысуымен Үлкен Еуразиялық әріптестік құру туралы ұсынысын атап өтті", – делінген Астана декларациясында.

Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтіп жатқанын еске саламыз. Жалпы Астанаға  15 елден 25 делегация ат басын тіреді, 7 халықаралық ұйым ШЫҰ-ға қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу