Ресей Ұлыбритания ұшақтары үшін әуе кеңістігін пайдалануға шектеу енгізді

2079

Бұл шара Ресей мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің ережелеріне сәйкес жалға алынған немесе Ресеймен байланысты немесе Ресейде тіркелген тұлға пайдаланатын әуе кемелерінің тұрақты ұшуларын орындауға шектеу қоюға қатысты Ұлыбританияның авиациялық билік орындарының шешімдеріне жауап ретінде қабылданды.

Ресей Ұлыбритания ұшақтары үшін әуе кеңістігін пайдалануға шектеу енгізді

2022 жылғы 25 ақпанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:00-ден бастап Ұлыбританиямен байланысты немесе Ұлыбританияда тіркелген тұлғаға тиесілі, жалға алынған немесе пайдаланатын әуе кемелерінің ұшуы, Ресей Федерациясының аумағындағы пунктерге, оның ішінде Ресей әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшулар үшін Ресей Федерациясының әуе кеңістігін пайдалануға шектеу енгізілді.

Кеше халықаралық құқық нормаларына сәйкес қос ел арасындағы ұшуларды орындау мәселесін талқылау үшін Ұлыбританияның авиациялық билігіне кеңес өткізу туралы ұсыныс жіберілді.

Бүгін таңертең Ұлыбританиядағы әріптестерден теріс жауап алынды. Бұл Ресей әуекомпаниялары үшін тепе-теңдік және тең құқық қағидатын сақтау үшін Ресей мен Ұлыбритания арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің ережелеріне сәйкес шаралар қабылдауға негіз болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу