Ресей университеті қазақ тілінде білім бере бастады

1250

Ресей университеті қазақ тілінде білім бере бастады

"Синергия" Мәскеу қаржы-өнеркәсіп универси­теті Ресейдегі іргелі оқу орын­­дарының бірі. Біздің елімізде бұл білім орда­сы­ның бөлімшесі ашылып, же­ті жылдан бері пәндерді қа­шық­­тықтан оқыту арқылы жұ­­мыс жасап келе жатқаны бел­­гілі.
Биылдан бастап ме­нед­ж­ме­нт және экономика пән­дерін қа­зақ тілінде жүргізу жү­зеге асы­рыл­а­ды екен. Бұл ту­ралы мем­ле­кетіміздегі уни­­верситет бө­лім­шесінің бас дирек­торы Бау­ыр­­­жан­ Қа­сым­­­бер­гебаев хабар­дар етті, деп жазады egemen.kz.

Бөлімше басшысының айтуынша, мемлекеттік мәр­тебеге ие болған тілде жоғары білім беру керектігін өмір талап етіп отыр. Оның үстіне нарықтағы тілдік сұраныстың қажеттігін бо­ла­шақ мамандар да біліп, өтініш білдірген.

"Бұл тәуелсіз ел жастарының ана тіліне деген құрметін, ізетін, оң ниетін біл­дірсе керек. Бұған көр­ші мем­лекеттің азаматтары да тар­шылық жасамай, мүм­кін­дік­тің тиімді жол­дарын қа­растырып отыр", - дейді ол. 

Мәскеу қаласында орна­лас­қ­ан университетте әлемнің елу мем­лекетінен алпыс мыңға таяу сту­дент білім алады екен. 2003 жы­лы "Синергия" университеті ме­неджментті дамыту бойынша Еуропалық қордың мүшесі болса, 2006 жылы уни­вер­си­тет­тердің ұлы хартиясына қо­сыл­ғанын да айта кетсек дейміз. Сол се­кілді бұл білім ордасы Еу­ро­па­лық электрондық оқу кепілдігі қорының аккредитациясынан өткен Ресейдегі бірінші мекеме болып табылады.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу