Ресей визаларын алуға ҚХР азаматтарынан өтінімдер саны артты

545

Ресейдің Қытайдағы елшілігі ҚХР азаматтарынан Ресей визаларын алуға өтініштер саны артқанын тіркеді. 

Ресей визаларын алуға ҚХР азаматтарынан өтінімдер саны артты Фото: cdn.iportal.ru

Бұл туралы ТАСС Ресей дипломатиялық миссиясына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Елшілік мұндай өзгеріске Қытайдағы эпидемияға қарсы шаралардың әлсіреуі себеп болғанын айтады.

"Жыл басынан бері Қытай азаматтары тарапынан, оның ішінде туризм мақсатында визалық өтініштер санының өсуі тіркелуде. Салыстырмалы түрде, биылғы жылдың бірінші айында ғана елшілік 1 200 виза берді, ал былтыр бұл көрсеткіш небәрі 582 болды", — делінген хабарламада.

Берілген ақпаратқа сәйкес, 2023 жылдың көктем-жазында Ресей мен Қытай арасындағы теміржол мен әуе қатынасы қалыпқа келуі тиіс.

"Екі елдің тиісті компаниялары, реттеушілері мен ведомстволары техникалық жұмыс жүргізуі тиіс. Осы шараларды ескере отырып, биылғы көктемгі және жазғы маусымдарда елдеріміз арасындағы әуе кеме теміржол қатынасын қалыпқа келтіреміз деп сенеміз", - деп атап өтті елшілік.

Дипломатиялық миссиялар Ресей мен Қытай туристік ағынның өсуін қолдау үшін екі ел арасындағы әуе рейстерінің қалпына келуін талқылап жатқанын айтты.

Қытайдан Ресей Федерациясына туристер санының едәуір өсуі 6 ақпан - ҚХР Ресейге және басқа да бірқатар елдерге ұйымдасқан топтарға туристік сапарларды іске қосқаннан кейін тіркеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу