Ресей жақын күндері Украинаға жойқын шабуыл жасауы мүмкін

555

Соққылар 23-24 тамыз аралығында жасалуы мүмкін. Бұл күндері Украинада Ту күні мен Тәуелсіздік Күні атап өтіледі.

Ресей жақын күндері Украинаға жойқын шабуыл жасауы мүмкін

АҚШ-тың барлау қызметінің мәліметінше, Ресей Федерациясы жақын күндері Украинаның азаматтық инфрақұрылымы мен мемлекеттік нысандарына соққы беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, алдағы күндері бейбіт тұрғындарға қауіп төнуі мүмкін.


"Ресейдің жақын күндері Украинаның азаматтық инфрақұрылымы мен мемлекеттік нысандарына соққы беру туралы жоспары бар. Ресейдің Украинадағы әрекеттерін ескере отырып, РФ шабуылының бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға төндіріп тұрған қаупіне алаңдаймыз", – деп жазылған хабарламада.


Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский "Ресей жақында жойқын шабуыл ұйымдастыруы мүмкін" деп айтқан болатын. Соққылар 23-24 тамыз аралығында жасалуы мүмкін екенін хабарланды. Ескере кететін жайт, бұл күндері Украинада Ту күні мен Тәуелсіздік Күні атап өтіледі.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу