Бұл туралы ВВС хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz Көрмені ұйымдастырушылардың бірі Гэри Шапиро биыл саяси жағдайға байланысты көрмеге қатысуға ресейлік компанияларға тыйым салынғанын мәлімдеді.
Шапиро сонымен қатар ресейлік қатысушылардан бас тарту туралы шешім АҚШ саясатына байланысты емес, көрмені ұйымдастырушылардың өз ұстанымдарын білдіреді деп мәлімдеді. Есесіне көрмеге оннан астам Украинаның технологиялық компаниялары қатысады. Дегенмен CES Украинадағы соғыс басталған сәтте басқа елдерге көшіп, жұмысын жалғастырған ресейлік компанияларды қабылдауға дайын екенін атап өтті.
Лас-Вегастағы CES электрондық технологиялар мен инновациялар көрме-жәрмеңкесі - жыл сайын технологиялық алыптардан бастап стартаптарға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен үш мыңнан астам компанияны жинайтын іс-шара. Өткен жылы пандемияға байланысты бар болғаны 40 мыңға жуық көрермен келді, індет таралмаған уақытта келушілер саны жыл сайын 200 мыңға жуық болатын, сондықтан 2023 жылы ұйымдастырушылар бұрынғы көрсеткішке оралуға үміттенеді. Жалпы жұртшылық үшін көрме 5 қаңтар, бейсенбіде ашылады, бірақ журналистер мен мамандар үлін көрменің есігі әлде қашан ашылған.
Бұрын ресейлік әзірлеушілер өздерінің жетістіктерін CES-те үнемі ұсынып отыратын. Мысалы, 2020 жылы ресейлік "Яндекс" компаниясы өзінің пилотсыз автокөлік жобасын көрсетті. Көрмеге инвесторлар мен ірі халықаралық компаниялардың басшылары келеді, онда жергілікті әрі халықаралық ынтымақтастық туралы шарттар жасалады.