Ресей Жапонияға қыр көрсетті

Бұған Токионың Мәскеуге қарсы санкциялары мен Украинаға көрсетіп отырған қолдауы себеп болды. 

Ресей Жапонияға қыр көрсетті Фото: Shutterstock/FOTODOM

Осылайша, Ресей мен Жапония арасындағы қарым-қатынас тағы да шиеленісе түсті деуге негіз бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мәскеу Жапонияның Ресейге қатысты саясатын қатаң сынап, жауап шараларын қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді. Ал Токио Ресейдің даулы Курил аралдарындағы әскери белсенділігіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

Бұл жағдай Ресейдің Қытаймен әскери-саяси байланыстарын күшейтуі аясында одан әрі күрделене түсті. Соңғы жылдары Мәскеу мен Бейжің әскери ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен теңіз және әуе патрульдерін жиілетті.

Сонымен қатар, Ресей мен Қытайдың Жапонияға қатысты ұстанымында да ұқсастық бар. Екі ел Токионың әскери әлеуетін күшейтуін сынап, мұны "милитаризмге бет бұру" ретінде сипаттап келеді.

OSW сарапшылары Мәскеудің Қытаймен әскери байланыстарын кеңейтуі Бейжіңге стратегиялық қолдау білдірудің белгісі болуы мүмкін екенін айтады. Бұл әсіресе, Тайвань мен Оңтүстік Қытай теңізі төңірегіндегі жағдай ушыға қалған жағдайда маңызды болуы ықтимал.

Десе де, Ресейдің Қытай үшін ықтимал қақтығысқа тікелей араласатыны туралы нақты мәлімдеме жоқ. Әзірге Мәскеу Бейжіңмен әскери және саяси ынтымақтастығын күшейтіп отыр.

Сөйтіп, Ресей мен Жапония арасындағы текетірес Курил аралдары төңірегіндегі ескі даудан асып түсті. Украинадағы соғыс, Қытайдың күшеюі және Тайвань мәселесі екі елді Азиядағы жаңа геосаяси тартыстың қарама-қарсы жағына шығаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу