"Ресей Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірді..."

306

Хоккайдо аралындағы ресейлік әскери ұшаққа қатысты жағдай Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.  

"Ресей Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірді..." Фото: eadaily

Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапон үкіметінің бас хатшысы Ёсимаса Хаяси мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Біздің ойымызша, бұл біздің еліміздің егемендігін елеулі түрде бұзу ғана емес, сонымен қатар біздің қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді. Ондайға жол бермеу керек", - деді ол.

Жапонияның қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, ресейлік Ил-38 ұшағы Хоккайдо аралындағы жапондық әуе кеңістігіне үш рет кірді. Оны ұстап алу үшін жапон әскери-әуе күштерінің F-35 жойғыштарын іске қосуға тура келді.

Осыған орай Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей әскери авиациясының барлық рейстері әуе кеңістігін пайдаланудың халықаралық ережелеріне сәйкес қатаң түрде орындалатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу