Ресей жұмыртқа импортына енгізген шектеулерді алып тастамақ

894

Ресей Федерациясы Қазақстанмен шекаралас облыстарда құс тұмауының өршуіне байланысты жұмыртқа импортына қатысты енгізген шектеулерді дүйсенбіде алып тастайды.

Ресей жұмыртқа импортына енгізген шектеулерді алып тастамақ

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Кеше Ресей тарапымен келіссөздер жүргізілді. Үш айдан соң карантин алынады. Қазір біз, яғни Ресей мен Қазақстанның уәкілетті органдары кепілдік хаттармен алмасамыз, ал дүйсенбіден бастап барлық шектеу алынады", – деді комитет төрағасы брифингте.

Айта кетейік, 2021 жылы еліміздің Ресеймен шекаралас 4 облысында құс тұмауының өршуіне байланысты шектеулер енгізілген болатын.

"Бір облыста шектеуді алдық, қалған 3 өңір бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта барлық шектеу алынады деген үміттеміз", – деген еді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу