Ресей жұрты Максим Арышевтің ата-анасынан кешірім сұрады

773

Ресей жұрты Максим Арышевтің ата-анасынан кешірім сұрады

Алматыда Сан-Петербордағы терактіде мерт болған 22 жастағы Максим Арышевті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды inform.kz.

Шара президент істерін басқару ауруханасының діни рәсімдер залында өтті. Максиммен қоштасуға оның жақындары, туыстары және таныстары келді.

"Қазақстанның барлық азаматына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Біздің ұлымыз сол вагонға мінген 14 адамның бірі болып шықты. Ол қаскөйдің жанында тұрған және жарылыстың ең көп бөлігін қабылдаған. Бүкіл Ресей қайғырып отыр. Кеше біз ұшып кетерде ресейліктер "ұлыңызды сақтап қала алмағанымыз үшін кешіріңіздер" деп бізден кешірім сұрады", – дейді Максимнің әкесі Виталий Арышев.

Бір күн бұрын Сан-Петербор тұрғындары Максиммен қоштасу үшін "Сенная площадь" метро стансасында жиналды.

Еске сала кетсек, 3 сәуір күні Сан-Петерборда "Сенная площадь" және "Технологический институт-2" метро стансаларының аралығында теракт болып, салдарынан 14 адам қаза тапты, 50-ден астамы жараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу