Ресейлік ғалымдар Қырымда Pachystruthio dmanisensis деп аталатын ірі құстың қаңқасын тапты. Journal of Vertebrate Paleontology журналының дерегі бойынша, ол солтүстік жартышарда тіршілік еткен және оның салмағы – 450 келіден асады.
Pachystruthio dmanisensis 1,5-1,8 миллион жыл бұрын ежелгі адамдар дәуірінде өмір сүрген. Ол шамамен қазіргі түйеқұстан 3 есе үлкен, солтүстік жартышарда мекен еткен құстардың ішіндегі ең ірісі саналады.
Зерттеушілер Таврид үңгірінен құстың сүйектерімен қатар, оңтүстік мамонт, мүйізтұмсық-эласмотерия, алып гепардтар мен қорқау және жыртқыш гомотерийлердің қаңқасын тапқан. Ғалымдардың дерегі бойынша, бұлардың барлығы бір уақытта өмір сүрген.
Бұған дейін Бристоль Университетінің палеонтологтары құстардың қауырсындары эволюцияға дейін миллион жыл бұрын пайда болды деген болжам жасаған болатын.