Ресейде 2 полиция қызметкері 17 жастағы қызды зорлады

1388

Құқық қорғаушылар кәмелеттік жасқа толмаған қызды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. 

Ресейде 2 полиция қызметкері 17 жастағы қызды зорлады

Анапа қаласында полицейлер жағажай волейболынан жастар құрамасының 17 жастағы ойыншысын зорлады. Оқиға 26 тамызда  Анапа маңындағы Витязево ауылында болған. Волейболшы қыз өзінің кәмелеттік жасқа толған досымен жарыстан кейін демалып жатқан кезін, дәлірек айтқанда жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын полицейлер байқап қалған. Мектеп жасындағы волейболшыны қолға түсіру сәті интернетте тарап кетті. 

Бойжеткен бұл істі бөлімшеде қарамауды сұраған. Полицейлер ол жыныстық қатынасқа түссе ғана, болған оқиғаны тіркемейтінін айтқан. Қорқып қалған волейболшы қыз бұған келісіп, соңынан барлығын тренеріне айтып берген. Осыдан кейін қос полицейге қатысты "кәмелеттік жасқа толмаған қызды сексуалды сипаттағы әрекетті жасауға мәжбүрлеу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер де құқық қорғаушылар кінәлі деп танылса, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ресми дерекке сүйенсек, күдіктілер ішкі істер органындағы қызметтерінен босатылған. Олардың жетекшісі, ІІМ-нің Анапа бойынша бөлімінің басшысы Андрей Рапп та жұмысынан уақытша шеттетілді.  

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу