Ресейде 2023 жылдан бастап цифрлық паспорттар беріледі

1617

Билік тұрғындарды мұндай паспортты қолдануға мәжбүрлемейді.

Ресейде 2023 жылдан бастап цифрлық паспорттар беріледі

2023 жылы Ресейде, яғни Мәскеу қаласында, Мәскеу облысында және Татарстанда цифрлық паспорттар беріле бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ел вице-премьері Дмитрий Чернышенконың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз мұндай құжатпен халықты қамтамасыз ету процесін технологиялық дайындығы жоғары пилоттық аймақтарда жүргіземіз", – деді ол.

2022 жылдың соңына дейін жобаны іске қосуға қатысты жұмыстар аяқталады. Бірақ билік тұрғындарды цифрлық паспортты қолдануға мәжбүрлемейді. 

Қазан айының ортасында Ресейдің Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Максут Шадаев паспорт 2022 жылдың соңында берілетінін жариялаған еді. Оның айтуынша, құжат смарт карта және QR-коды бар қосымша түрінде болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу