Ресейде 74 адамнан шошқа тұмауы анықталды

758

Ресейде тұмау мен ЖРВИ жұқтырғандар саны артты. Соңғы аптада ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар алдыңғы аптамен салыстырғанда 23,3%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Ресейде 74 адамнан шошқа тұмауы анықталды Фото: zooinform.ru

Ресейде вирустардың белсенділігі артқандықтан, вакцинация науқаны жүріп жатыр.

"Бүгінгі таңда дәрігерлер 72,4 миллионнан астам адамға екпе салды, бұл ел халқының 49,5 пайызы", - деп мәлімдеді Роспотребнадзор.

Сонымен қатар Роспотребнадзор бір аптада 43,4 мың адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ауру 57 аймақта, соның ішінде Мәскеу, Мәскеу облысы және Санкт-Петербургте өршіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу