Ресейде адам жынысын ауыстыруға тыйым салынады

416

Депутаттар адамның қалауы бойынша медициналық не заңды түрде жынысты ауыстыруға тыйым салады. Ол үшін "Денсаулық сақтау негіздері туралы" және "Азаматтық хал актілері туралы" заңдар өзгертіледі.

Ресейде адам жынысын ауыстыруға тыйым салынады Фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекеттік Дума Ресейде адамның қалауы бойынша жынысын өзгертуге толығымен тыйым салатын заң жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ведомости" танысқан заң жобасының мәтініне сәйкес, азаматтар түзетулер қабылданған жағдайда медициналық рәсімдердің көмегімен жынысын өзгерте алмайды, сондай-ақ төлқұжат пен басқа құжаттарға тиісті түзетулер енгізе алмайды. Жоба Парламенттің төменгі палатасына әлі жіберілген жоқ.

"Денсаулық сақтау негіздері туралы" заңды 45.1-баппен толықтыру ұсынылады: "Медицина қызметкерлеріне психикалық аурулармен не мінез-құлқының бұзылуымен байланысты пациенттің жынысын өзгертуге бағытталған медициналық қызмет көрсетуге тыйым салынады". Бұдан басқа, "Азаматтық хал актілері туралы" заңның 70-бабының 4-абзацы "азаматтардың денсаулығын сақтау негіздері туралы "Федералдық заңның 45.1-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.

Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Владислав Даванков ("Жаңа адамдар" фракциясы) 25 мамырда Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзінде осындай түзетулердің әзірленгенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу