Ресейде апат болған шахтада қалған сегіз адамды іздестіріп жатыр

890

Ресейде апат болған шахтада қалған сегіз адамды іздестіріп жатыр

Ресейдің Саха республикасындағы "Мир" кенішіндегі апат салдарынан жер астында қалып қойған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тау-кен үңгушілер мен құзға өрмелеушілер шахта мен ұңғыма желдеткіштерін зерттеп, хабарсыз кеткендер туралы қандай да бір ақпаратты анықтауға тырысып жатыр деп хабарлайды aktobenews.kz.

Компания иелігіндегі шахтада болған апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен сегіз адамның тағдыры әзірше белгісіз қалып отыр. Тамыздың 4-і күні шахтаны су басқан кезде онда 151 адам жұмыс істеп жатқан. Апаттан кейін жер бетіне шығарылған 142 адамның екеуі жеңіл жарақаттанғаны, тоғыз адамның хабарсыз кеткені хабарланған. Сенбі күні шахта ұңғымасына өздігінен жеткен жұмысшы Әлішер Мирзаевты құтқарушылар жер бетіне алып шыққан. Өкпесіне зақым келген ол қазір ауруханада жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу