Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақта қазақстандықтар болуы мүмкін

508

Ресейлік БАҚ Новосибирск облысында "Урал авиакомпаниясының" ұшағы апатты жағдайда қонды деп хабарлайды.

Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақта қазақстандықтар болуы мүмкін Фото: Риа Новости

Baza телеграмма-арнасының ақпараты бойынша, ұшақта Қазақстанның төрт азаматы болған, бірақ әзірге қазақстандық СІМ ресми мәлімдеме жасаған жоқ, деп жазады Inbusiness.kz.

Уба ауданына қонған борт Сочи-Омбы бағыты бойынша ұшты. Нақтыланған мәліметтер бойынша ұшақта 167 адам болған. 

"Ұшақтың бортында 159 жолаушы болды, оның ішінде 23 бала, 6 экипаж мүшесі. Оқиғаның себептері мен мән - жайлары анықталуда", - деп хабарлады құтқарушылар.

Алдын ала ақпарат бойынша, әуе кемесі дабыл қағып, кейін радардан жоғалып кетті. Зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу