Ресейде әскер туралы "фейк" таратқандар бас бостандығынан айырылады

1079

Ресейге қарсы санкциялар салуға шақырғандарға 3 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ресейде әскер туралы "фейк" таратқандар бас бостандығынан айырылады Фото: tass.ru

РФ-ның Мемлекеттік Думасы Қарулы күштер туралы "фейк" таратқандарды жазалау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

- Жалған ақпарат таратқандарға 700 мың-1,5 миллион рубль көлемінде айыппұл салынады немесе олар 3 жылға дейін сотталады.
- Лауазымды тұлғалар, ұйымдасқан топтар фейк таратса, оларға 3-5 миллион рубль көлемінде айыппұл салынады немесе 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
- Егер "фейктердің " зардабы орасан болса, кінәлілер10 жылдан 15 жылға дейін сотталады.
- Ресей әскерін елдің мүдделерін қорғау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін пайдалануға кедергі келтіруге шақырғандарға 100-300 мың рубль көлемінде айыппұл салынады немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер мұндай үндеулердің зардабы орасан болса, кінәлілер 300 мың-1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынады немесе олар 5 жылға түрмеге қамалады.
- Ресейге қарсы санкциялар салуға шақырғандарға 500 мың рубль көлемінде айыппұл салынады немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу