Ресейде әскери бөлшектер контрабандасына қатысты деп айыпталған қазақстандыққа үкім кесілді

723

Омбы соты әскери өнімдер контрабандасы бойынша айыпталған Қазақстан азаматын екі жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ресей ФСБ -ның өңірлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресейде әскери бөлшектер контрабандасына қатысты деп айыпталған қазақстандыққа үкім кесілді

"Қолда бар материалдарға сәйкес, 2020 жылы Маслов Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына зымырандық жүйелерді құру кезінде қолданылатын бұрыштық жылдамдық датчиктерін сату жолдарын іздестіру үшін барған", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство болашақта сотталушының әскери бөлшектерді шетелге заңсыз жеткізу бойынша тұрақты арна ұйымдастыруға талпынғанын атап өтті.

Омбы облысының Есілкүл қалалық соты сотталушыны Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 226.1 -бабы  1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды (мемлекеттік шекара арқылы басқа қаруды заңсыз өткізу), оған екі жылға жалпы режимдегі колонияда жаза тағайындалды.

Үкімге апелляциялық шағым берілді, бірақ Омбы облыстық сотының шешімі өзгеріссіз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу