Новосібір облысының Искитимский ауданындағы елдімекендердің бірінде аяқ-киім фабрикасы өртенді, деп хабарлайды khabar.kz.
Оқыс оқиғада 10-ға жуық адам қаза тапты. Олардың қатарында Қытай елінің азаматтары да болуы мүмкін. Нақты ақпарат тергеу барысында анықталатын болады.
Аумағы 2 мың шаршы метр болатын өндіріс нысандары мен қойма отқа оранды. Қызыл жалынмен жеке құрамның 100-ге жуық маманы мен 29 бірлік техника күресті.
"Оттың шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін", – дейді мамандар.
Қазір адамдардың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу