Ресейдің Новосібір қаласындағы Толмачево әуежайында Kazakhstan Air Force деген жазуы бар ұшақ табылды. Ұшақтың сол жақ қанаты жұлынған. Бұл туралы "Тайга.инфо" басылымы хабарлады. Әзірге оның қайдан ұшып келгені және апатқа түскені не түспегені туралы ақпарат жарияланбады.
Atameken business арнасының тілшілері ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хабарласып, ұшақтың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін анықтады. Әзірге ведомство бұл жайтқа қатысты ешқандай мәлімет бермеді.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу