Ресейде бір күнде COVID-19 жағдайының рекордтық саны анықталды

418

Мұның алдындағы ең максималды көрсеткіш –  18 283 адам 30 қазанда тіркелген. 

Ресейде бір күнде COVID-19 жағдайының рекордтық саны анықталды

Ресейде COVID-19 ауруының саны рекордтық 18,665-ке жетті, әрбір төртінші жағдайда (4,640) инфекция симптомсыз өтуде, деп хабарлады РИА Новости коронавирустың таралуына қарсы жедел штабқа сілтеме жасап.

Ең көп тіркелген жағдай Мәскеуде – 5261адам (бір күн бұрын 4952). Санкт-Петербургте 896 жаңа инфекция тіркелді, Мәскеу облысында – 545. Ең аз – Чукоткада (екеу), Ненецкий ауданында (алты) және Шешенстанда (13).  

COVID-19 асқынуынан тәулігіне 245 адам қайтыс болды (барлығы - 28 235). Коронавирусты 10259 науқас ауруханалардан шығарылды. Эпидемия кезінде 1 225 673 адам емделді. Жалпы Ресейде аурудың 1 636 781 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны 1,2 пайызды құрайды.

Әлемде COVID-19 ауруының саны ДДҰ-ның соңғы деректері бойынша 45 миллионнан асты, 1,18 миллион адам қайтыс болды. Ең көп ауырғандар АҚШ-та – 8,8 млн, одан кейін Үндістан мен Бразилияда. Ресей бұл тізімде Франция, Испания, Аргентина, Колумбия, Ұлыбритания және Мексиканы басып озып, төртінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу