Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды

213

Бұл туралы Шамиль Аляутдинов Telegram-каналында хабарлады.

Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды Фото: РБК

Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шамиль Аляутдиновтың айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған.

"Бұл  Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды",  деді Аляутдинов.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілгені хабарланған еді. Бұл туралы Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу