Ресейде блогерлерге қойылатын талап күшейеді

277

Тиісті өзгертулерді қамтитын құжат құқықтық актілер порталында жарияланды. 

Ресейде блогерлерге қойылатын талап күшейеді Фото: РБК

Ресейде аудиториясы 10 мыңнан асатын блогерлер мен Telegram арналарының иелері Роскомнадзорға жеке деректерін хабарлауға міндеттеледі. Тиісті заңға Ресей басшысы Владимир Путин қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Егер блогерлер Роскомнадзорға өздері туралы хабарламаса, онда оларға қайырымдылық мақсатта қаражат жинауға және жарнама салуға тыйым салынады. Басқа арналар олардың жарияланымдарына репост жасай алмайды. 

Бұдан бөлек Роскомнадзор тізілімінде жоқ автордың жарияланымын барлық пайдаланушыға таратуға тыйым салынады. Тиісті норманы бұзғаны үшін қандай жаза қолданылатыны құжатта көрсетілмеген.

Сонымен қатар тиісті заңмен Ресей азаматтарына 20-дан артық SIM-карта пайдалануына тыйым салынады, ал шетелдіктерге 10 SIM-картаға ғана рұқсат етіледі.

Тиісті өзгертулер 2024 жылдың 1 қарашасында күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу