Ресейде бөгет бұзылып, кемінде 12 адам қаза тапты

1296

Тасыған су жұмысшылардың уақытша салынған екі жатағын шайып кеткен.

Ресейде бөгет бұзылып, кемінде 12 адам қаза тапты

Ресейдің Красноярск өлкесінде бөгет бұзылуынан кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 13 адам табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті уақытпен түнгі сағат екілер шамасында Красноярск өлкесіндегі Курагин ауданының Щетинкино елдімекенінде Сейба өзенінде алтын өндіруші артель салған бөгет бұзылып кеткен, тасыған су жұмысшылардың уақытша салған екі жатағын шайып кеткен.

"12 адам қаза тапты", – деп мәлімдеген елдің төтенше жағдайлар министрлігі.

19 адам зардап шеккен, 13 адамның жағдайы анықталып жатыр.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу