Ресейде бөтелкелер қайтадан өңделе бастайды

1032

Роспотребнадзор қазір полиэтилен пакеттерінің өндірісін қысқартып, алдағы жылдары пластикке тыйым салуды көздеп отыр.

Ресейде бөтелкелер қайтадан өңделе бастайды

Ел премьер-министрі Дмитрий Медведевтің бұйрығы негізінде өнеркәсіп және сауда министрлігі шыныдан жасалған бөтелкелер мен құтыларды қайта өңдеуге байланысты құжаттарды дайындады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жариялады. 

Енді жыл соңына дейін министрлік нақты қандай құтылардың тізімге енгізілетінін белгілеуге тиіс. Осыдан кейін ғана заңнамаға өзгеріс енгізіледі. 

Мұндай тәжірибе 2020 жылдың басынан бастап жүзеге асырыла бастамақ. Тұрғындар пайдаға жарамайтын бөтелкелерді азық-түлік дүкендері, сауда орталықтарының қоймалары мен қоғамдық тамақтану орындарына тапсыра алады. 

Айта кетейік, Роспотребнадзор қазір полиэтилен пакеттерінің өндірісін қысқартып, алдағы жылдары пластикке түбегейлі тыйым салуды көздеп отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу