Ресейде цифрлық рубльді енгізу туралы заң күшіне енді

577

Ұлттық валютаның бұл түрін банк қызметкерлері бірінші болып сынақтан өткізеді.

Ресейде цифрлық рубльді енгізу туралы заң күшіне енді Фото: РБК

1 тамыздан бастап Ресейде цифрлық рубльді енгізу туралы заң күшіне енеді, деп жазады Inbusiness.kz tass.ru порталына сілтеме жасап.

Көршілес елде ұлттық валютаның үшінші түрі – цифрлық рубльді енгізу туралы заңды федерация кеңесі 19 шілдеде мақұлдады. Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин құжатқа 24 шілдеде қол қойған болатын.

Заңның ережелерін қоспағанда құжат 2023 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді. Азаматтық кодекстегі тиісті түзетулерді қамтитын заңға қол қойылды.

Ресей банкінің мәліметінше, осы жылдың тамызында нақты операциялар мен клиенттердің шектеулі санының қатысуымен цифрлық рубльді сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Тестілеуге қатысатын алғашқы клиенттер банк қызметкерлері болмақ.

Пилоттық жобаға 13 банк қатысады. Бірінші кезеңде төлемді банктер мен Орталық банк алдын ала таңдаған он бір қаладағы 30 сауда-сервистік кәсіпорын тексереді.

Орталық банктің жоспарларына сәйкес, цифрлық рубльді қолданудың ауқымын кеңейту 2025 жылдың басынан басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу