Ресейдің мемлекеттік Думасы ұлттық вакцинация күнтізбесіне коронавирустық вакциналарды қосу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Бұл заң жобасы федералды заңға өзгеріс енгізуді, яғни профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесін жаңа коронавирус инфекциясына қарсы препараттармен толықтыруды ұсынады", – деп жазылған құжатқа.
Ұлттық екпе күнтізбесіне В гепатитіне, дифтерияға, көкжөтелге, қызылшаға, қызамыққа, полиомиелитке, сіреспеге, туберкулезге, паротитке, гемофильді инфекцияға, пневмококкты инфекцияға, тұмауға қарсы профилактикалық вакциналар кіреді.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың желтоқсанында Денсаулық сақтау министрлігі премьер-министр Михаил Мишустиннің тапсырмасы бойынша профилактикалық екпелер күнтізбесіне коронавирусқа қарсы вакциналарды енгізді. 25 мамырда үкімет заң жобасын мемлекеттік Думаның қарауына тапсырды. Федералды заң қабылданғаннан кейін оны орындау үшін 2021-2023 жылдары шамамен 75,8 миллиард рубль бөлу қажет болады.
Табиғат Нұрболат