Ресейде Covid-19 жұқтырғандар саны шамамен 100 мыңға жетті

791

Осы күнге дейін 10,3 мыңы жазылған.

Ресейде Covid-19 жұқтырғандар саны шамамен 100 мыңға жетті Фото: РИА Новости

Ресейде жаңа коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңға жақындап қалды. Бұл туралы елдің індетпен күрес жүргізіп жатқан жедел штабы мәлім етті. Бір күнде аурудан қайтыс болғандардың саны алғаш рет 100-ден асып кетті.
"28 сәуірде елдің 82 өңірінде вирус жұқтырудың 5841 фактісі тіркелді. Олардың 2624-нен аурудың белгілері байқалмаған", – деп жазылған штабтың мәлімдемесінде. Осылайша дертке шалдыққандардың нақты саны 99,4 мың болды.

Мәскеуде 28 сәуірде 2220 тұрғынның вирус жұқтырғаны анықталды. Ал шаһардағы науқастардың жалпы саны 50,6 мыңнан асқан. Сонымен қатар қала маңында тұратын 686 адамның инфекцияны жұқтырғаны тіркелді.

Соңғы дерек бойынша, бір күн ішінде дерттен 108 кісі көз жұмған. Оның 67-сі Мәскеу тұрғындары. Пандемия басталғалы қалада 972 адам қаза тапқан.Кеше 1830 адам аурудан жазылып, ауруханадан шығарылған. Оның 400-і – мәскеуліктер. Ал осы күнге дейін 10,3 мың адам аурудан айыққан.

Vesti.ru басылымының мәліметіне сүйенсек, Мәскеуде вирусты анықтайтын 700 мың тест жүргізілген екен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу