Ресейде ЭКСПО-2017 ресми билет кассалары ашылды

598

Ресейде ЭКСПО-2017 ресми билет кассалары ашылды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі басталғанға дейін үш ай бұрын Ресейде осы іс-шараға билет сату басталды, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының баспасөз қызметі.

Сатуды бастау салтанаты көрменің ресми билет операторының кассаларында – Мәскеуде және Сан-Петерборда өтті

Енді Ресей азаматтары билетке көрменің ресми сайты арқылы тапсырыс беріп қана қоймай, сондай-ақ өз елінің ірі қалаларындағы кассаларда тікелей сатып ала алады. Қазірдің өзінде билетті Мәскеуде, Сан-Петерборда, Қазанда, Нижний Новгородта, Екатеринборда, Новосібірде, Сочиде сатып алуға болады.

Ресей көрме бағдарламасының 100-ден астам іс-шарасын қоса ұйымдастырушы болып, оған белсенді қатысады. Сонымен қатар "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Ресейдің шекара маңындағы облыстарымен және Татарстанмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ресей экспозициясы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі ең ірі экспозициялардың бірі болады. Іскерлік бағдарламаның басты тақырыбы – "Жаһандық энергетикалық теңгерім".

Қазір 115 ел, 18 халықаралық ұйым және бірқатар трансұлттық компания, оның ішінде ресейлік "Росатом" атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы ЭКСПО-ға қатысатынын растаған. Қазірдің өзінде 640 мыңнан астам билет сатылды.

Көрме Астанада 2017 жылдың 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді. Тұтастай алғанда, шараға 2 миллионнан астам қонақ келеді, оның ішінде 85%-ы – Қазақстан азаматы және 15%-ы шетелдік мейман. Туристерге 3 мыңнан астам бірегей мәдени-ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу