Ресейде ер адам жолсерікті пойыздан итеріп жіберген

145

Ер адам ұсталды.

Ресейде ер адам жолсерікті пойыздан итеріп жіберген Фото: видеодан алынған кадр

Ресейде Челябинск – Санкт-Петербург бағыты бойынша жүретін пойызда ер адам жолсерікті итеріп түсірген. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

РЕН ТВ хабарлауынша, зардап шеккен әйел ауруханада жатыр, оған медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға Поназырево стансасында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жолсерік жолаушыны аялдама кезінде темекі шегу үшін сыртқа шығармаған болуы мүмкін. Ер адам тамбур есігін жауып, ештеңе болмағандай кетіп қалған. 

Солтүстік-Батыс көлік прокуратурасы Челябинск – Санкт-Петербург пойызындағы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу