Ресейде газ бағасы қымбаттады

370

Бағаның өсуі алдағы жылдары да жалғасады. 

Ресейде газ бағасы қымбаттады Фото: Риа Новости

1 қазаннан бастап Ресейде "Газпром" өндіретін табиғи газдың реттелетін көтерме бағасы 9,6%-ға өсті. Сонымен қатар газды газ тарату желілері арқылы тасымалдау тарифі 11,6%-ға, ал жеткізу-сату қызметтерінің ақысы 5,1%-ға индекстелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл өзгерістер Ресей үкіметінің шешімімен бекітілген.

Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінің мәліметінше, халық үшін газ құнының орташа өсімі 1 текше метрге шамамен 84 копейка болады. Алайда нақты төлемнің қаншаға өсетіні өңірдегі тариф пен газ тұтыну көлеміне байланысты.

Бағаның өсуі алдағы жылдары да жалғасады. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап газдың көтерме бағасын 10,4%-ға, 2028 жылы 7,4%-ға, ал 2029 жылы 7%-ға индекстеу жоспарланған.

ПСБ бағалауынша, қазан айындағы индексация "Газпромға" 2026 жылдың соңына дейін шамамен 26 млрд рубль қосымша табыс әкелуі мүмкін. Ал 2027 жылғы тарифтік өзгерістердің жиынтық әсері 150 млрд рубльден асуы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу