Ресейде індет өршіп барады

858

Мәскеу облысында бір тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 1,8 мыңнан асқан.

Ресейде індет өршіп барады Фото: ria.ru

Ресейдің барлық аймағында коронавирус падемиясы өршіп барады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Экономикалық зерттеулер орталығының статистика және модельдеу жөніндегі сарапшысы Агаси Тавадянның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, елдің 13 өңірінде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған, тек Ингушетия мен Якутия ғана "жасыл" аймақта қалып отыр. "Бірақ жақын арада Ингушетия мен Якутияда да аурудың таралу динамикасы жеделдейді", – деді сарапшы.

Тавадян "қызыл" аймақта Мәскеу, Кострома облысы, Хабаровск аймағы, Тува, Мәскеу облысы, Амур облысы, Хакасия, Киров облысы, Коми, Севастополь, Бурятия, Ненец автономиялық округі, Чукотка бар екенін атап өтті. Індеттің бұл аймақтардағы таралу индексі 1,2-ден асады.

Бұған дейін педиатр, инфекционист, вакцинолог Евгений Тимаков Ресейде коронавирустық аурудың өршуі кем дегенде екі аптаға созылатынын жариялаған еді. Дәрігердің айтуынша, тамыз айына қарай вакцинация қарқыны күшейсе ғана эпидемиологиялық жағдай тұрақталуы мүмкін. 

Мәскеу облысында бір тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны 1,8 мыңнан асқан. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Өткен аптада өңірдегі науқастар үшін 2 мыңға жуық төсек-орын орналастырылды.Қазір Мәскеу облысында күніне шамамен 1 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылып жатыр. Олардың жасы 20-29 аралығында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу