Ресейде індет тамыз айына дейін жойылады

778

Жергілікті ғалым бұны халықтың басым бөлігінің иммунитетке ие болуымен байланыстырып отыр.

Ресейде індет тамыз айына дейін жойылады

Ресей Ғылым академиясының академигі, Роспотребнадзор орталық эпидемиологиялық ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі Виктор Малеев тамыз айына дейін Ресейде коронавирус індеті жойылады дегенді айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Ресей туралы айтатын болсам, жазда індет айтарлықтай бәсеңдейді деп ойлаймын. Тіпті бірен-саран адам ауруға шалдығуы мүмкін. Жүздеген науқас тіркелуі де мүмкін. Ел аумағын ескерсек, бұл соншалықты көп емес. Ресейде індет тамыз айында сейілуі мүмкін, өйткені халықтың басым бөлігінде иммунитет болады, вирустың бұл кезеңде аса қатты таралмайтынын ескерсек, жазда індеттің таралуы тоқтайды",– деді Малеев.

Бұған дейін де Малеев жазда науқастар айтарлықтай төмендеуі мүмкін деп мәлімдеме жасаған еді. Бірақ ол 2021 жылы әлем толықтай індеттен арылмайтынын жариялады.  

Табиғат Нұрболат

Фото: ria.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу