Ресейде инфляцияның қарқыны күшейді

797

Наурызда азық-түлік тауарлары ақпан айымен салыстырғанда 0,82%-ға қымбаттаған. 

Ресейде инфляцияның қарқыны күшейді

Росстаттың мәліметі бойынша, Ресейде 2021 жылғы наурыз айында инфляция 5,79-ға дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Ақпан айында жылдық инфляция 5,67% болған еді. Өткен аймен салыстырғанда тұтыну бағасы 0,66%-ға өскен.

Наурызда азық-түлік тауарлары ақпан айымен салыстырғанда 0,82%-ға және соңғы бір жылда 7,58%-ға, азық-түлік емес тауарлар бір айда 0,72%-ға  және бір жылда 5,92%-ға қымбаттады. 

Бұған дейін сарапшылар сәуір айында Ресейдегі жылдық инфляция 5,5% болады деп мәлімдеген еді. Совкомбанктің бас сарапшысы Михаил Васильевтің айтуынша, әлемдік биржалардағы азық-түлік бағасының өсуі, пандемия кесірінен жеткізілімнің іркілуі сияқты факторлар инфляция қарқынын күшейтіп отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу