Ресей Федерациясының "Әділ Ресей" депутаты Яна Лантратова Ресей билігінен соғысқа қарсы мәлімдемелеріне байланысты Мәскеуге келе жатқан қазақстандық рэп орындаушысы Jah Khalib концертіне тыйым салуды талап етті. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Ресейлік рэпер әрі журналист Аким Апачев өзінің ВКонтакте парақшасында Jah Khalib концерттерін тоқтатуды талап етті.
"Биыл Мәскеуде Украинаны қолдайтын қазақстандық рэпер - Jah Khalib-тің екі концерті жоспарланған. Бұл не масқара?! Ау! Мүмкін бірден Кремльде Зеленскийдің концертін ұйымдастырасыз?",- деп жазды ол.
Jah Khalib жоспар бойынша 23 сәуірде Мәскеудегі Crocus City Hall-да және 25 сәуірде Санкт-Петербургте өнер көрсетуі керек.